Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Рингте әрең жүр": Сәрсекбаевтың Олимпиадаға барған боксшыларға көңілі толмады

19:10, 31 шілде 2024 924
Бейжің Олимпиадасында алтыннан алқа таққан боксер Бақыт Сәрсекбаев Парижде өнер көрсетіп жатқан спортшылар туралы пікір білдірді деп хабарлайды Alash.KZ.
 
Сәрсекбаевтың айтуынша, Париж Олимпиадасына барған жігіттердің физикалық дайындығы өте кемшін. 
 
"Жігіттердің физикалық дайындығы өте нашар! Екінші раундта демалыстары қиындап, әрең жүр рингте. Ударлары аз. Комбинация удары тіпті аз. Боксшы 3 минутта қанша удар жаудыруға болады?! Спортшылардың физикалық дайындығымен айналысуға арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр? Целая научная группа қайда? Неге біздің боксерлар демі жетіспей жүр? Үш раунд аяқта тұра алмайды. Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің? Бірінші бойдан өте алмады деген не сұмдық? - деп ашынып жазыпты парақшасында боксшы.
Париж Олимпиадасына барған боксшылардың өте сылбыр, шаршаңқы екенін бұған дейін спорт сарапшылары да айтқан болатын.  
 
Бір сұрақ: әрбір боксер лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше бой өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен жарты жылда 22 бой өткіздім.Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ, тіпті - дейді Сәрсекбаев.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар