Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Салтанат Нүкенованың әкесі Бишімбаевқа қандай үкім шығуы мүмкін екенін айтты

16:33, 13 мамыр 2024 589

13 мамырда сот отырысында алқабилер мен судья сот залынан кеңесу бөлмесіне кеткенде Салтанат Нүкенованың әкесі, Бишімбаевқа: «Мал! Мал!», – деп айтқан.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қандай жаза тағайындалуы мүмкін? Бұл туралы Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов өз ойын білдірді, деп хабарлайды alash.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Амангелді Нүкенов соттың әділ үкім шығаратынына сенетінін айтты. Сондай-ақ ол Бишімбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылмаса, шешімді әділетсіз деп санайтынын жеткізді.

«Мен мұны әділетсіздік деп санайтын едім: ол тек отбасының абыройына нұқсан келтіріп қана қойған жоқ. Сот отырысы жалғасып жатқанда, әйелім екеуміз оның қызымызға жасаған қиянаты, садизмі туралы көбірек естідік. Осы уақыт бойы біз ауруханада болдық. Сот процесіне қатыса алмадық. Бізге естігеніміз де жетеді. Ал бүгін, атқарылған істің нәтижелі болатынына сенемін», – деді Нүкенов.

Еске салсақ, 13 мамырда сот отырысында алқабилер мен судья сот залынан кеңесу бөлмесіне кеткенде Салтанат Нүкенованың әкесі, Бишімбаевқа: «Мал! Мал!», – деп айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар