Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сапарбаев неге көзіне жас алды?

05:31, 11 сәуір 2022 292
 



Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарымен қоштасты.

Қоштасу сәтінен  алынған видеоны Instagram желісінде облыс әкімінің баспасөз қызметі жариялады.

Әуежайда бұрынғы басшы өзін шығарып салуға келген жұртшылық алдында сөз сөйледі. Сапарбаев оларға өзінің және отбасының атынан алғыс айтып, кешірім сұрады. Бір кезде экс-әкімнің  көңілі босап кетті.

—  Мені қолдап, бүгін келгендеріңізге рахмет. Бірдеңе болса кешірім сұраймын. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бар күшімді салдым, – деді экс-әкім.

Бердібек Сапарбаев 2020 жылдың ақпан айынан бері Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен ол қызметінен босатылды. Облыстың жаңа әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар