Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сенатор: Ауылдардағы мәдениет үйлерінің ахуалы ауыр

08:26, 08 ақпан 2024 310
Ауылдардағы мәдениет үйлері мен кітапхана, спорт нысандарының жағдайы мүшкіл. Бұл туралы сенатор Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, ауылдардағы мәдени нысандардың көпшілігі 90 жылдары жекешеленіп кеткен.
Елді мекендердегі, әсіресе шалғай ауылдардағы мәдениет үйлері мен клубтардың жай-күйі, техникалық базасы сын көтермейтіні жасырын емес. Олардың басым көпшілігі 90-шы жылдары жекешеленіп кетті. Қазір жұмыс істеп тұрған 2035 мәдениет үйінің 770-і және 2006 ауыл клубының 608-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Кейбірі тозығы жетсе, енді бірі апаттық жағдайда тұр. Мәселен, біз жұртшылықпен кездескен Түркістан облысында 625 елді мекенде мәдениет үйі жоқ. Мұндай мысалды әр өңірден келтіруге болады.

Елімізде 3 891 кітапхана болса, оның 79% ауылдық жерлерде екен. Алайда ауыл кітапханаларының көпшілігі (60%-тен астамы) ескірген.

2 270 елді мекенде (47%) спорттық нысан жоқ. Ауыл тұрғындары мектеп спорт залдарын пайдалана алмайды, деді Дархан Қыдырәлі. 

Фото: otyrar.kz

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар