Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шетелдік агенттер туралы заң жобасы қабылданды

15:44, 14 наурыз 2024 470

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қырғыз Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын 66 депутат қолдаса, 5 парламентарий қарсы шықты.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қырғыз Республикасының Заңына түзетулер «шетелдік коммерциялық емес ұйым», «шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері», «шетелдік өкілдің функцияларын жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым» ұғымдарын енгізеді.

Еске салсақ, 2024 жылдың 17 қаңтарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа хат жолдаған еді. Әлгі хатта Қырғызстан парламентінде қаралып жатқан «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қатысты алаңдаушылық білдірген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар