Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте полиция подполковнигі сотталды

05:12, 21 ақпан 2024 366
Шымкент қалалық полиция департаментінің Абай аудандық басқармасы криминалдық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды.

Kazinform.kz-тің жазуынша, 44 жастағы подполковникке аса ірі көлемдегі ұрлық, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, аса ірі көлемде алаяқтық жасауға әрекет жасау және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу баптары бойынша айып тағылды.
«Сотталушы Шымкент қалалық ПД Абай аудандық басқармасының криминалдық полиция бөлімінің бастығы бола тұра, 2022 жылғы 11 қазанда бір топ адам арасында өзіне және өзгелерге пайда алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған. Ол алдын ала сөз байласу арқылы жедел іс-шарасы кезінде тәркіленген медициналық мақсаттағы «феррол» сұйықтығын тасымалдау кезінде жалпы салмағы 1 470 келі бөлігін жасырын ұрлап, жәбірленуші А.-ға 85,4 миллион теңге материалдық залал келтірген», – деп хабарлады Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ подполковник азамат К.-ны сот үкімін өзгерту үшін пара беруге итермелеген. Ол одан екі миллион теңге алғанымен, бірқатар мән-жайға байланысты қылмыстық ниетін аяқтай алмаған.

Сот отырысында сотталушының кінәсі куәлардың, жәбірленушілердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен және т.б дәлелденді. Прокурор экс-басшыны өзіне тағылған барлық айып бойынша кінәлі деп танып, мемлекеттік органдарда лауазымды қызметтер атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, тоғыз бас бостандығынан айыруды сұрады.
«Сот полицейді 5,6 жылға бас бостандығынан айырды. Ол өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылады. Үкімге заңда белгіленген мерзімде шағым жасалуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар