Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Спорт саласындағы 4 өзгеріс

06:15, 02 ақпан 2024 266
​​Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде дене шынықтыру және спорт мәселелеріне, сондай-ақ нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін жоюға қатысты түзетулердің таныстырылымы өтті.

Жиынға аталған комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік етті. Заң жобасын Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев таныстырды.

Сонымен алдағы уақытта спорт саласында не өзгереді?

1. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, Паразиада ойындарының бағдарламаларына енгізілген және олардың аясында жоғары спорттық нәтижелері бар спорт түрлеріне басымдық беріледі.

2. Спорт саласындағы басқару институттарының өзара іс-қимылы қайта қаралады. Бұл мәселе бір спорт түрінен бір ғана федерацияны тану жолымен қаралатын болады.

3. Спорт резервін даярлау жетілдіріледі, атап айтқанда, спорттық дайындықтың ұлттық стандарттары әзірленіп, бекітіледі.

4. Ұлттық спорт медицинасы мен оңалту ұйымының функцияларына жеке бап бөлу және басқа да өзгерістер көзделген.

Заң жобасын талқылау жұмыс тобында жалғасады.

Фото: pixabay.com
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар