Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ставка" Досаевқа. Келесі Премьер кім болады?

14:02, 05 ақпан 2024 249
Бүгін Президент Қ.Тоқаев Смайылов басқарған Үкіметті отставкаға жіберді. Қазнет қолданушылары Смайыловтың орнына кім келеді деп болжам жасап жатыр. Үкіметті 2 жыл басқарған Смайыловтың орнын кім басуы мүмкін?

Белгілі журналист Диас Нұрақын Смайыловтың орнына Алматының қазіргі әкімі Ерболат Досаев келуі мүмкін екенін айтады.
"Үкімет отставкаға кетті. Әлихан Смайылов Алматы қаласына әкім болады деген болжам бар. Ал  министрлер кабинетін Досаев немесе Бозымбаев басқаруы мүмкін. Давайте, делайте ваши ставки", - дейді журналист Facebook парақшасында.

Телеграм арналарда түрлі сауалнама пайда болды. "Ұлысмедиа" басылымы жүргізген сауалнамаға сәйкес, Ерболат Досаевқа "ставка" көп.

Тағы бір деректер бойынша Мусин министр қызметінен кетуі мүмкін. "PRO Кадры KZ" телеграм арнасындағы дауыстар бойынша премьер-министр қызметіне вице-премьер Мұрат Нұртілеу келуі мүмкін.

Ербол Еділов жүргізген сауалнама бойынша да көш басында Мұрат Нұртілеу.



Тағы бір арна оқырмандары Досаев премьер болады деп жауап берген.



Журналист Асхат Ниязов көптеген министр қызметінде қалуы мүмкін деп топшылап отыр.
"Мен үшін басты сұрақ – Досаевқа қатысты қауесет растала ма? Ол вице-премьер немесе премьер болады деген еді. Алматылықтар әрине енді ол қала әкімі болмайтынына қуанатын шығар, ал алматылық еместер не істеуі керек? Оның қолындағы билік күшейі түседі ғой", - дейді журналист.

Айта кетейік, әзірге Әлихан Смайыловтың орнына Роман Скляр уақытша премьер-министрдің қызметін атқарып отыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар