Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су мәселесі бүгінге дейін жүйелі түрде реттелмей келеді – депутат

19:05, 22 сәуір 2024 438

«Amanat» партиясы Фракциясының депутаты  Мұрат Ергешбаев  еліміздегі суармалы суды тиімді пайдалану мәселесі әлі күнге дейін жүйелі шешілмегенін қозғап, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа депутаттық сауал жолдады. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда суармалы суды тиімді пайдалану мәселесі – өткір мәселенің бірі. Тіпті, су мәселесін шешу бойынша Президент  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев міндеттер қойып, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған болатынын сөз етті.

– Соңғы жылдары Парламент депутаттарына шаруалардан гидроқұрылыстар, каналдарды жөндеу және реконструкциялау, тарифтерді субсидиялау сияқты мәселелерді шешуін өтінген көптеген өтініштер түсіп жатыр. Мысалы VII шақырылымның депутаттары Үкіметке су мәселесі бойынша 10-нан аса депутаттық сауал жолданса, VIII шақырылымның депутаттары бүгінге дейін 17 депутаттық сауал жолдаған. Бұл  су мәселесінің осы күнге дейін жүйелі түрде реттелмегенін көрсетеді.

2024 жылы Үкімет  Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіті. Тұжырымдама тұтастай алғанда саланың тиімді, ұтымды, ғылыми, кадрлық әлеуетінен бастап, жүйені су ресурстарымен дамытудың барлық спектірін қамтыған. Бірақ, өкінішке қарай, тұжырымдама қолдануда су мәселесін егжей-тегжейлі қарастырымай, жалпылама жазылыған. Мысалы Кешенді жоспарда жергілікті атқарушы органдар мен министрліктің жоспарды орындау барысында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу уақыты да нақты емес  2024 және 2026 жылдар аралығында, 2030 жылға дейін бекітілген жыл сайынғы қаржыландыру қарастырылмаған. Сондай-ақ, нысандардың жөндеу уақыты аймақтар бойынша кезең-кезеңімен бекітілмеген. Қызылорда облысында 254 мың гектар суармалы жерлер бар, оның 178 мыңы орталықтандырылған су беру жүйесімен қамтылған. Жүйенің ескіруі мен сапасының төмендеуіне байланысты, аймақта жыл сайын шамамен 2 миллиард текше метр су жоғалады.

Оңтүстік облыстардың жер жүйесінің мелиоративтік жай-күйін жақсарту бойынша 319 мың гектарға жұмыс жүргізілсе, оның ішінде Қызылорда облысында бар болғаны  15 мың гектар яғни, жалпы көлемнің 5%- ғана жетеді. Ал Еуропалық Қайта Құру және даму банкі мен  Ислам даму банкінің  осы мақсат үшін бөлген қаржылары Жамбыл, Түркістан,  Жетісіу облысына ғана бөлінген. Сонда судың ең үлкен шығыны жүріп жатқан Қызылорд облысына немқұрайлық және  тепе-теңдік болмаған. Және  жоспарда тек магистральдық-шаруашылықаралық арналар қамтылған. Ал ішкі шаруашылық арналар мен тарату желілері мүлдем қарастырылмаған. Еліміздегі судың ең көп шығыны 20-35% осы ішкі шаруашылық арналар мен тарату желілеріне тиесілі.

Одан бөлек, туындайтын тағы бір мәселе – республикалық және жергілікті органдардың арналарды пайдаланудың шекарасын анықтау және жауапкершілікті ажырату. Тұжырымдамада шаруашылықтардың ішкі арналары мен гидроқұрылыстарын паспорттау қамтылмаған. Жобалау-сметалық құжаттамада міндетті түрде тексеріп, суды есепке алу аспабын орнату, арналарды бетондаумен жобалау сияқты т. б. іс-шаралар болған жағдайда ғана су үнемділігі болады, – дейді депутат  М. Ергешбаев 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар