Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Суданда 25 млн адам аш отыр

05:44, 20 ақпан 2024 371
Әлем мұнайды саудаға салып жатқанда Суданда 25 млн адам аштықтың зардабын тартып жатыр, деп alash.kz порталы 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндағы ел үкіметтен қайыр болмаған соң атақонысын тастап, бет ауған жаққа босып барады. Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, күн сайын мыңдаған судандық шекара асады. Былтыр қақтығыс басталған сәуір айынан бері 500 мың тұрғын оңтүстікке қарай өткен.

Ұйым өкілдерінің дерегінше, олардың 35%-і аш-жалаңаш, әсіресе, 5 жасқа дейінгі бала көп.
«Дұрыс тамақтанбау деңгейі өте жоғары. Әсіресе әйелдер мен балалардың қатты зардап шегіп отырғанын байқаймыз. Сондықтан шекарадан өтіп, транзиттік орталыққа көшкен кезде бірқатар қызмет түрлерін қолжетімді еттік», – деді БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының маманы Аачал Чанд.

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар