Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тағы бір Салтанат" күйеуінің ұрып-cоққанына қатысты видео жариялап, өзінің қорғансыз екенін айтты

15:00, 13 сәуір 2024 1061

Әлеуметтік желіде күйеуінің ажыраспақ болған әйелін ұрып құлатқаны айтылып, оған жасалған шабуылдың бейнежазбасын жариялаған еді. Күйеуінен қорлық көрген әйел әлеуметтік желіде видео жариялап, өзінің қорғансыз әрі панасыз екеіне қынжылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Достар, маған, шын мәнінде, өте қиын, бірақ мен енді үндемей тұра алмаймын! Мен бұл жағдайға жария, әшкере еткін келеді. Мен абьюзермен некеде 11 жыл тұрдым және 4 баламыз бар. Көптеген жылдар бойы моральдық және физикалық зорлық-зомбылық жасалды. Соңғы жыл онымен өмір сүруге шыдай алмадым. Ұрып-соғу мен қорлау жиілеп, барған сайын көбейе, күшейе түсті. Мен бұл адамнан қорқамын! - деді автор.

Естеріңізде болса, блогер Жанна Ахметова бұған қатысты пікі білдіріп, төмендегідей жазған болатын: 

"Тағы бір Салтанатты құтқару керек. Бұл әйелдің аты шынымен Салтанат. Монстрмен 11 жыл некеде болған ол ажыраспақ болған. Балаларын алып Тараздан Алматыға әрең қашып келген. Алайда, күйеуі ізіне түскен, оны күштеп қайтадан Таразға алып кетпекші. Биыл 1 сәуір күні "Life Town" тұрғын үй кешенінің жанында күйеуі Салтанаттың телефонын сындырып, есік алдында оны аяусыз соққыға жықты", - дейді Жанна Ахметова.

Оқиға 1 сәуір күні "Life Town" тұрғын үй кешенінде болған. Кейіннен әйелдің өзін ұрып құлатқан күйеуінің үстінен арыз түсіргені хабарланды. 

Бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірген. "Полиция бұл факт бойынша тексеру жүргізді. Жиналған материалдар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады ПД өкілдері. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар