Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талдықорған әкімдігі Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастады

11:09, 09 ақпан 2024 252
Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішінің тұғырына байланысты видео тарады.

Талдықорған қаласының әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастау себебін түсіндірді.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде экс-президент ескерткіші тұғырының жоғалуына қатысты ақпарат қызу талқылға түскен болатын. Барлық демонтаж жұмыстары түнде жүргізіліп, қала тұрғындары бұл процесті байқамай қалған.

Талдықорған әкімдігі оны неліктен алып тастағанын айтып берді.

«Ескерткіштің төменгі бөлігінің қалдықтары қала орталығының сәулеттік келбетін бұзуына байланысты тұғыр бөлшектелді. Қазір аталған жерде ешқандай мәдени нысанды қалпына келтіру немесе салу жоспарда жоқ», – деп мәлімдеді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбібеков.

Фото: видеодағы кадрдан алынды

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар