Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тәртіпсіздіктерге қырғызстандықтардың қатысы жоқ болып шықты

13:01, 15 ақпан 2022 239
 



Қазақстан Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қырғызстандықтардың қатыстылығы туралы ешқандай дәлел таппады. Бұл туралы Orda.kz сайты жазды деп хабарлайды Alash.kz.
«Прокурордың орынбасары Нұрлан Ауғанбаевпен әңгімелесу барысында ағымдағы жылдың қаңтарында Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерге Қырғызстан азаматтарының қатысқаны туралы деректер жоқ екені атап өтілді» деді Қырғызстан Омбудсмендік кеңсесінің басқарма басшысы Асқат Азарбеков.

Ол Қырғыз Республикасының көптеген азаматтары Қазақстанға еңбек қызметі мақсатында келгенін және жағдайды тұрақсыздандыруға қатысу мақсатымен емес, адамның қарапайым қызығушылығының нәтижесінде оқиғаның қалың ортасында қалуы мүмкін екенін атап өтті.
«Сонымен қатар, біз ешбір жағдайда өз азаматтарымызды қылмысқа шынымен кінәлі болса, ақтағымыз келмейді. Бірақ олардың тікелей кінәсі немесе Қазақстан заңнамасын бұзуға қатысы азаптау арқылы емес, заңды түрде дәлелденуі тиіс» деді Азарбеков.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда Алматыда қырғыз музыканты Викрам Рузахуновты азаптау фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалғаны хабарланған болатын.

Қаңтар оқиғасы кезінде із-түзсіз жоғалған Қырғызстанның тағы бір азаматы – Чолпонбек Сыдықов. Аяғы мен қабырғасы сынған ол 11 күннен кейін ғана табылған. Ол сондай-ақ қазақстандық тәртіп сақшыларын азаптады деп айыптады.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар