Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тасмағамбетов қауіп-қатерге қарсы тұру мәселесін талқылады

07:42, 16 ақпан 2024 271
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

Кездесуде тараптар Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде жоспарланған елде өтетін іс-шаралар жөнінде пікір алмасқан.

2024 жылдың маусым айында жоспарланған ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысының бірқатар ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси өзара іс-қимылды дамыту, қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері талқыланды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Қазақстан Республикасына ауысқаны белгілі.

Айта кетейік, ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық өңірлік ұйым.

Фото: ҚР СІМ
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар