Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тірі кірпіні допқа айналдырған жауыз ұрпақ өсуде

16:00, 16 мамыр 2024 739

Ақтөбе қаласында үш жас жігіт тірі кірпімен футбол ойнаған. 

Олардың аяусыз әрекеттері жергілікті пабликтердің бірінде жариялады. Видео астына пікір қалдырғандар балалардың осыншама жауыздығына қайран қалған.

«Айтарға сөз жоқ, не деген жауыз ұрпақ. Байқұс жәндік әбден қиналды ғой. Жүректері жоқ балалар екен»,-  деп жазған желі қолданушылары.

Ақтөбе қаласының полиция департаменті қазір бұл балаларды іздеп жатыр.

«Видеодағы азаматтарды тауып, жазаға тартамыз», - деп жазған Ақтөбе полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар