Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тұңғыш президент атауы" алынып жатыр

06:19, 12 қазан 2023 173


Университеттің атауынан «Тұңғыш президент атындағы» сөзі алынып тасталады.

Бүгін Сенат Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, Мәжіліске қайтарды. Сенатор Бекбол Орынбасаров заң жобасы туралы айта келе, Ұлттық қордың мәселесімен бірге ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгеретіні туралы да атап өтті.



«ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы туралы конституциялық заңның тоқтатылуына байланысты ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын ҚР Ұлттық қорғаныс университеті деп атау ұсынылды. Сондай-ақ Ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционерінің құзыретін реттейтін қайталанатын нормалар алынып тасталады. Бұл түзетулер заңды және принциптік сипатта. Сондықтан, Сенат заңның жекелеген баптарын мақұлдамауға және аталған баптардың жаңа редакциясын ұсына отырып, оны Мәжіліске қайтаруға тура келді», - деді Орынбасар.

Сенатордың айтуынша, Ұлттық қорғаныс университеті атауынан «Тұңғыш президент атындағы» сөзі алынып тасталады.
«Оқу орыны бұдан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп аталатын болады», - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар