Бұл елге басқа мемлекеттерден адамдар тіс емдету, онкология және пластикалық ота жасау үшін келеді.
Түркия қысқа мерзімде сауықтыру туризмінен 10 миллиард доллар табыс тапты. Мұндай сандарды Анталияның сауықтыру туризмі және білім беру халықаралық қауымдастығының басшысы Мехмет Канполат атады.
Anadolu хабарлауынша, соңғы уақытта Түркия әлемнің көптеген елдерінің тұрғындары арасында сауықтыру туризмі бойынша сұранысқа ие болды. Ал қазірдің өзінде ел 2023 жылға жарияланған табыс сомасының шегінен асып кетті.
— Шетелдіктер Түркияға негізінен тіс емдеу, онкологиялық және эстетикалық ота жасату үшін келеді. Соңғы жылдары Түркияда түркітілдес елдерден келген науқастар саны екі есеге артқан. Әлемдегі сауықтыру туризмі нарығының көлемі 100 миллиард долларға жетеді. Соңғы он жылдағы инвестицияның арқасында Түркия сауықтыру туризмі саласында алғашқы бестікке енді,- деді Канполат.
Сонымен бірге ол Украинада соғыс басталғаннан кейін Түркиядағы емдеу мекемелеріне Ресейден келген науқастардың саны артқанын атап өтті.
Ол «Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы соғыс аяқталғаннан кейін бұл елдер азаматтарының Түркияда емделуге деген қызығушылығы жоғары болады» деген сенім білдірді.
Дереккөз