Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ТЖМ: 10 өңірге су тасқынынан қауіп төніп тұр

05:14, 20 ақпан 2024 322
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов биыл көктемде 1010 өңірге су тасқыны төніп тұрғанын айтты.

Әріновтің айтуынша, қазір Қазақстанда су тасқынының жағдайы біршама тұрақталған.
«Қазгидромет» РМК болжамынша, ақпан және наурыздың соңында еліміздің оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормамен мол жауын-шашын түсуі мүмкін. Осыған байланысты 10 өңірдегі елді мекендерде, оның ішінде Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында тау суларының ағыны салдарынан су басу қаупі бар. Қардың көп еруіне байланысты Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлерінде су тасқыны қаупі сақталады», – деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында.

Министр жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқынына дайындық жүргізілгенін атап өтті.
«Көктем» республикалық оқу-жаттығу шеңберінде басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді. Халықты құлақтандыру пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды», – деді министр.

Фото: ТЖМ
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар