Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украинада Путиннің өкіл әкесі ұсталды

05:37, 13 сәуір 2022 293
 



Украинаның Қауіпсіздік қызметі елдегі ең ірі партиялардың бірі «Оппозициялық платформа – Өмір бойы» партиясының басшысы Виктор Медведчукты ұстады.

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-да хабарлады.
«Арнайы СБУ операциясының арқасында жүзеге асырылды! Жарайсың! Толығырақ кейінірек» деп жазды ол.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Медведчук мырзаның ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме беру әлі ерте екенін алға тартты.
«Қазір Украинадан көптеген жалған деректер келіп жатыр, Украинада халықаралық PR агенттіктерінің әртүрлі көмекшілерінің көмегімен көптеген жалған не кәсіби емес ақпарат қолдан жасалып жатыр. Мұны бірден шындық деп қабылдау дұрыс емес» деп жауап берді Песков kommersant.ru.басылымына.

Кейін Владимир Зеленский Виктор Медведчукті украиндық тұтқындармен алмастыруды ұсынды.
«Мен Ресей Федерациясына бұл жігітті Ресей ұстап отырған украин тұтқынындарымен айырбастауды ұсынамын. Біздің құқық қорғау органдары мен әскерилердің де бұл мүмкіндікті қарастырғаны маңызды» деді Украина президенті.

Ресей президенті Владимир Путиннің өкіл әкесі Виктор Медведчукты Львов қаласының Лычаковский аудандық соты мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сырттай қамауға алды. Ол 10 наурызға дейін үйқамақта болуы керек еді. Ақпан айында айыпталушы үйқамақтан қашып кеткен.

Украинаның Бас прокуратурасы Виктор Медведчуктың Мәскеумен байланысы «2014-2015 жылдардағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, Украинаны энергия көздерін әртараптандыру мүмкіндігінен айырды» деп мәлімдеді.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар