Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украинада соғыс басталғалы 4 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза болды

07:03, 01 маусым 2022 310
[ad_1]



Соғыс басталғалы бері Украина аумағында кемінде 4113 бейбіт тұрғын қаза болған, 264-і – бала. Бұл жөнінде БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар кеңсесінің хабарламасында айтылады.

Донецк және Луганск облысында ұзын саны 2337 адам қаза болған, 144-і – ресейшіл сепаратистер бақылауындағы ауданда тұрған.

Соғыс кезінде 5 мыңға жуық адам жараланған, 421-і – бала. Қаза болғандар мен жараланғандардың басым бөлігі әуе соққысы кезінде немесе атқылаулар кезінде опат болған немесе жараланған.

БҰҰ пікірінше, қаза болғандар бұдан да көп, себебі көп хабарлама әлі тексерілмеген. Ұрыс жүріп жатқан аймақтан ақпараттар кешігіп жетеді. Бұл бейбіт тұрғындары қырғынға ұшыраған Мариуполь, Изюм, Попасная сияқты елді мекендерге қатысты.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар