Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украинада соғысқа қатысқан қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

11:56, 02 маусым 2022 265
 



Ұлттық қауіпсіздің комитетініңнің елордалық департаменті қазақстандықтың шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, іске қатысы бар адам Украина аумағында соғысқан. Қалған мәліметтер құпия сақталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабына сәйкес, жалдамалылық белгілері болмаған кезде Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе ұрыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысуы – бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазасы қолданылады.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар