Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұлым террорист емес». Сотталған жігіттің әкесі араша сұрады

09:57, 22 ақпан 2022 213
 



Қасіретті қаңтарға қатысы бар деген күдікке ілінген Өжет сот шешім бойынша 5 жылға сотталды. Оның әкесі Тоқаевтан араша сұрады.

Өжеттің әкесінің айтуынша, ол бейбіт шеруге шыққан. Оны арандатушылар бопсалап, қолына қару ұстатқан.
«Менің аты жөнім Жеңісхан Әкрамұлы, Алматы қаласы 18-тергеу абақтысында жатқан Жеңісхан Өжеттің әкесімін. Менің ұлым террорист емес! Ешқандай ұйымға, басқа да қылмысқа қатысы жоқ! Бейбіт алаңға көзқарасын білдіру үшін бейбіт шеруге шыққан болатын. Сол кезде біреулер қорқытып, қару кезеп, қолына қару ұстатқан. Ол қарудан ешқандай оқ атылмаған. Қасым-Жомар Кемелұлы біз сізден осы балаға араша түсуіңізді сұраймыз! Жақында өзіңіз сұхбат бергеніңізде «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан» құру жөнінде айтқан едіңіз. Біздің баламызға әділетсіз үкім шығарылып отыр. Біздің баламызға әділетті шешім тағайындап, соттың әділетті үкім шығаруын қалаймыз» деді сотталған баланың әкесі.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=p3B3MT7AOkY[/embed]





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар