Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үшінші адам шығыны: Құлсарыда су астынан ер адамның мәйіті табылды

17:13, 09 сәуір 2024 894

Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен ер адамның мәйіті табылды. Осыдан екі-үш күн бұрын жоғалған әкесі мен баласын құтқарушылар әлі іздестіріп жатыр. Бұл мәйітке олардың қатысы жоқ, деп хабарлайды Alash.kz.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін (9 сәуір) сағат 12:27 шамасында дүкендердің бірінің жанынан ер адамның мәйіті табылды. Мәйіттің кімдікі екені әзірге белгісіз.

«Мәйіт полицияға тапсырылды», - деп хабарлады ТЖД.

6 сәуір күні "үйін қарап келуге кеткен" әкесі мен ұлы әлі табылмады. Бұл табылған мәйіттің оларға түк қатысы жоқ екені айтылды. 

 «Біз әлі іздеп жатырмыз, бірақ бүгінгі мәйіт жоғалған адамға да, оның ұлына да тиесілі емес», - деп түсіндірді төтенше жағдайлар департаменті.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар