Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Винница қаласына жасалған ракета шабуылынан 20 адам қаза тапқан

13:11, 14 шілде 2022 250
Украинаның орталығындағы Винница қаласына жасалған ракеталық шабуылдан 20 адам қаза тапты, олардың арасында екі бала бар. Бұл туралы Украина төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский бұл шабуылға Кремльді айыптап, Ресейді "террорист ел" деді.



Желіде тараған видео мен суреттерден бір ракетаның кеңселер орналасқан екі қабатты "Юбилейный" ғимаратына түскені байқалады. Тағы бір видеодан офицерлер үйі бүлінгені көрінеді.

Ракета шабуылынан екі ғимарат қираған, сол маңда тұрған ондаған көлік өртенген. Украина тарабы кем дегенде 25 адам зардап шеккенін айтады. Шабуылға дейін Винница облысында әуе дабылы қағылған. Аймақ басшысы Сергей Борзов ракеталарға қарсы құрылғы Ресейдің төрт ракетасын қағып түсіргенін мәлімдеді.

  • Ракета шабуылының мақсаты не болғаны белгісіз. Азаматтық нысандарға шабуыл жасау соғыс қылмысы саналады. Ресей тарабы тек әскери нысандарды нысанаға алатынын айтып, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанын жоққа шығарып келеді.

  • БҰҰ есебінше, ақпаннан бері Украинада соғыстан бес мыңнан аса адам қаза тапқан. Бірақ ұйым соғыста қаза тапқандардың саны бұдан бірнеше есе көп деп топшылайды.




 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар