Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иран президентін жерлеу рәсіміне "АМАНАТ" партиясының бұрынғы төрағасы аттанды

12:39, 22 мамыр 2024 422

Тікұшақ апатынан қайтыс болған Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне Қазақстан атынан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Қазақстаннан Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады. Ол әуежайға бара жатыр, - деді Мәжілістің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси мен Иранның сыртқы істер министрі және өзге де билік өкілдері мінген тікұшақ апатқа ұшырап, ондағы адамдардың бәрі қаза тапты. Ибрахим Раиси мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекарадағы жаңа су торабын іске қосу рәсімінен қайтып келе жатқанда опат болған.

Тікұшақ Иранның солтүстік-батысындағы Әзербайжан мен Түркия шекарасына жақын таулы аймақта құлаған. Сол күні апат болған ауданда тұман қалың түскен.

Раисимен бірге тікұшақта Иранның сыртқы істер министрі Хосейн Абдоллахиан, Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз провинциясының аятолласы Али Хашим болған.

Қайғылы оқиға жексенбі күні болған. Біз де бұл оқиғаға қатысты Тегеран тарапының ұстанымдары жайды жазған едік. 

Елді шошытпауды мақсат тұтса керек, Тегеран тарапы "әуе көлігі жерге соғылды", "қатты қонды" деген сөздерді қолданды. Шынында, тікұшаққа не болғанын ешкім білмеді. Ресми мәлімдемелерде де әуе апатының салдарлары белгісіз екенін ашық айтылды.

"Президент бірнеше тікұшақтың бірімен Әзербайжаннан оралып келе жатқан. Ол отырған әуе көлігі тұман кесірінен жерге қатты қонды. Аталған ауданға құтқарушылар тобы бағытталды, алайда тұман мен күрделі ауа райы салдарынан ол жерге жеткенше біраз уақыт өтуі мүмкін", – деген ІІМ басшысының сөзін жария етті жергілікті IRIB телеарнасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар