Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады - Президент

05:33, 16 наурыз 2022 252
Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті.

«Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді», -деді Президент.

Тоқаев: "Біз соңғы жылдары Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға көштік. Түрлі саладаауқымды өзгерістер басталды. Бұл кейбір ықпалды адамдарға ұнамады. Олар жылдар бойғы заңсыз әрекеттерін жалғастыра беруді көздеді. Неғұрлым жоғары билікке қол жеткізуді көкседі" деді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар