Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

10 млн теңге: Сәтбаев әкімінің ісі сотқа жолданды

15:24, 07 наурыз 2024 515

Жуырда пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа жолданды.

Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен. Ал алғашқы сот отырысы 11 наурызда өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірге ҚР ҚК-нің 366-абы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр.

Бір айта кетерлігі 11 наурызда өтетін сот отырысында қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қаралмақ.Сол кезде ҚР ҚК 36-бабы 2-бөлігі бойынша сот алдында Досбол Мейірбек жауап береді.

Еске салсақ, 14 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталғанын хабарлаған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар