Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

140 млн теңге: қазақ жылқысын қолдау ма, қорлау ма?

18:12, 27 маусым 2024 642

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлады Alash.kz.

Сенатор Ернұр Әйткеновтің айтуынша, заң қазақы жылқы тұқымының тектік қорын сақтау, сондай-ақ оның асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту, мал басын ұлғайту үшін селекциялық және асылдандыруды көздейді. 

Оны іске асыру туралы заңда «асыл тұқымды жануар» және «тұқым стандарты» ұғымдарына өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте асыл тұқымды малдардың фенотиптік және өнімділік көрсеткіштермен қатар, жылқылардың жұмысқа қабілеттілігі, ептілігі, төзімділігі сияқты қасиеттері тұқым стандартына жатқызылады. Заңда «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі, - деді депутат.

Заңға енгізілген түзетулерде қазақы жылқы тұқымын сақтау және көбейтуге төмендегідей субсидия көзделген деп жазды Halyq Uni: 

  • Отандық мініс-жегін жылқыларын өсіретін орталықтарға шетелдік селекцияның спорттық бағытындағы асыл тұқымды айғырларын сатып алуға;
  • Асыл тұқымды аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге;
  • Оларды ұстау бойынша шығындарды өтеуге.

Ернұр Әйткенов қазақ жылқы тұқымын сақтап, көбейтуге 701 млн теңге бөлінетінін де атап өтті.

Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияның жалпы соммасы – 701 млн теңге. Бұл қаражат алдағы 5 жылға жыл сайын 140 млн теңгеден беріледі. Көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары асыл тұқымды жылқылардың гендік қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтіруге, отандық жылқы шаруашылығын жетілдіруге ықпал етеді деп сенемін. Бұл заң елімізде ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрлері мен өмір салтын насихаттайтуға септігін тигізеді. Заңды қабылдау отандық асыл тұқымды жылқыларды өсіру үшін мемлекеттік қолдауды алуға, мініс-жегін қазақы жылқылардың санын көбейтуге және олардың спорттық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді, - деді депутат.

Дауыс беру нәтижесінде сенаторлар заңды мақұлдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар