Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасірет: Алматыдағы білдей ірі университеттің бірі қазақ тілінде оқытудан бас тартты

10:15, 25 маусым 2024 804

Алматыдағы Нархоз университеті қазақ тілінде білім беруден бас тартты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Stan.kz мәліметінше, журналист Диас Нұрақынның пайымдауынша, оқу орнының ең негізгі төрт факультетінің қазақша, орысша топтары жабылған. 

“Атап айтқанда экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, қаржылық тәуекел менеджмент, бизнестегі ақпараттық технология мамандықтары бойынша білім аламын дегендер енді тек ағылшынша сайрауы керек. Былтыр бұл мамандықтар бойынша қазақша бірде бір топ болмаған. Биыл да “қазақтарды” қабылдамаймыз деп шешім қабылдапты”, – дейді ол.

Ал университет басшылығының хабарлауынша, оқу жоспарына сәйкес студенттер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде пәндерді таңдайды. Қазіргі уақытта әлемде ғылыми білімнің 90%-дан астамы ағылшын тілінде шығарылады. Бұл көзқарас университеттің тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұранысқа ие түлектерді дайындауға бағытталған миссиясы дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар