Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

15 жасында 4 еркектен зорлық көрген келіншек: 4 жасымнан анам “бекер тудым” деп жақтырмайтын (ВИДЕО)

15:06, 27 қараша 2024 948

Qazaqairan ютуб арнасы “Қайыршының бір күні” атты зерттеу бағдарламасын эфирге шығарды. Баян есімді қайыр сұраушы апаның бұл жағдайға қалай түскені туралы баяндалады, деп хабарлайды Alash.kz.

Баян апай базарда қайыр сұраушы жан. Әрбір қаражатқа мұқтаж жанның артында бір қиын тағдыры тұрады. Бұған дәлел де осы апай.

Ол өзін 15 жаста 4 бейтаныс жігіт зорлап кеткенін, артынша зорлық қылған бір жігітке үйленіп, балалы болғанын айтты. Баласына да еш жылулық жоқ екенін айтып, жиіркенішті бір сезім болды деді.

Кейін өз құрсағынан шыққан сәбиді анасына тастап, өзі қара шаңырағынан біржолата кетіп қалған. 

Баян апайдың ата-анасына реніші қатты екен. 4 жасынан бастап “сені бекер тудым” дегенді естіп өскен. Үйінде өңкей ұлдар болған.

Жалғыз қыз едім дейді. “Ер балалар бірдеңе бүлдірсе де, мені кіналайтын еді” деп жылап жіберді. Олар жақсы болғанда, бір жақсы сөз айтып, жылулық беріп, оқытқанда бұндай күйге бәлкім түспес едім дейді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Путин Астанаға келді

15:50, 27 қараша 2024 45