Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жүрегіне пышақ салып, басынан теуіп, мылтықпен ұрған - прокурор Шерзат Полат ісінің айыптау актісін оқыды

15:30, 10 сәуір 2025 1106

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың сотында прокурор Ержан Құрақбаев айыптау актісін оқып, оқиғаның қалай басиалып, соңына қалай болғанын айтып берді, деп жазады Alash.KZ. 

Прокурордың айтуынша, сағат 00:42 минутта Шынасыл атты күдікті анасы мен әжесінің көзінше Шерзаттың жүрегіне пышақ сұғып алған. Шерзат Полат асфальтқа отырып қалған, деп жазды ulysmedia.kz.

Сәкиев Ғайыпбаевқа бөтелке лақтырған. Алайда бөтелке тимей қалған. Осыдан кейін Сәкиев Ғайыпбаевты жұдырықпен ұрған. Ал Азамат Тоқтаубаев пен Ілиясов ас пышақтарын Ғайыпбаевқа қарсы сермеген. Бірақ соңғысына пышақ тимеген. Күдіктілердің бірі Қаржаубай Нұрымовтың бетінен бөтелкемен ұрған. Оқиға орнына әжесі келген кезде оны Шынасыл итеріп құлатқан, деп оқыды прокурор. 

Бишімбиева баласы Шерзаттың асфальтта отырғанын көріп, соған қарай бармақ болған кезде, оның алдынан Шынасыл мен Ілиясов шығып, екі білегінен ұстап жібермей қойған. Содан кейін Ғайыпбаев Шерзаттың “Нұрқанат аға, маған бірдеңе сұғып алды” деген дауысын естіп, жүгіріп барып, жедел жәрдем шақыру үшін “скорый” деп айғайлай бастаған. Осыдан кейін Әскентай, Тоқтаубаев Нұрбол, Белғожаев, Ілиясов, Шынасыл Шота Руставели көшесінің бойында отырған Ғайыпбаев пен Полатқа қарай барған. Сол сәтте Бишімбиева Полатқа бірінші болып жетіп, құшақтап алған. Белғожаев Полаттың басынан аяғымен теуіп, жиналмалы бәкі пышағының сабымен Шерзаттың басынан бірнеше рет соққы жасаған. Ал Ілиясов сол жерде 16 калибрлі мылтықты жерден алып, мылтықтың сабымен Полаттың басынан бір мәрте соққы жасаған. Аталған соққы анасының оң жақ қолына тиген. Мұнымен шектелмей Ілиясов өзінің әрекеттерін жалғастырып, мылтықтың сабымен Ғайыпбаевтың басынан бірнеше рет соққы жасаған.

Осы уақытта Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Ілиясов, Белғожаев, Тәкиев, Шынасыл қолдарымен және аяқтарымен жерде жатқан Ғайыпбаев пен Полатты ұрып соққан. Сол уақытта Шынасыл Ғайыпбаевқа пышақпен дене жарақаттарын келтірген. Шынасыл қоңыр түсті ас пышағымен Ғайыпбаевтың жамбас тұсынан бір рет сұғып алған. Сәкиев тергеумен анықталмаған пышақпен Ғайыпбаевтың иық тұсына екі рет сұғып алған. Салдарынан Ғайыпбаев сол жерде есінен танып қалған. Шынасыл мен Сәкиев Ғайыпбаевты өлтіргендеріне көзі жеткен. Алайда Ғайыпбаев тірі қалған, – дейді прокурор.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар