Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2,5 млрд теңге: Көкшетау әкімдігінің заңсыз әрекеті әшкере болды

17:16, 01 наурыз 2024 345

Көкшетау қаласының прокурорлары жергілікті әкімдіктің конкурссыз, бір көзден сатып алу арқылы 2,5 млрд.теңгеге келісім шарт жасағанын мәлімдеді.

Аталған қаржыға көппәтерлі тұрғын үй салынатыны айтылған.

Көкшетау қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында қала әкімдігі заңнама талаптарын бұза отырып, конкурс өткізбей, бір көзден құны 2,5 млрд.теңге болатын көппәтерлі тұрғын үйді салуға шарт жасағаны анықталды.Прокуратура актісі негізінде 13.02.2024 ж. сот шартты жарамсыз деп таныды, деп хабарлады вдеомства өкілдері. 

Қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар