Мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген арнайы ХҚКО-ларда ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды деп хабарлайды alash.kz сайты Антикордың телеграм арнасына сілтеп.
А.ж. 25 сәуірінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын арнайы ХҚКО мен полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға қатысты үкім жариялады.
Олар ұйымдасқан топ құрып, басшылық жасау, мемлекетке мүліктік залал келтіру, «Web-Модуль» ҚКО» және «ХҚКО ИАЖ» ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау бойынша айыпты деп танылды.
2022 жылдың қаңтарынан мамырына дейін қылмыстық топ шетелден әкелінген 462 автокөлікті заңсыз тіркеген. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,2 млрд теңгені құрайды.
Сот үкімімен 32 адам сотталды, оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушылары - Астана қаласының №2 Мамандандырылған ХҚКО басшысы Ш. Бөкебаев пен Астана қаласының Арнайы ХҚКО мамандары А. Там-Оглы мен Х. Там-Оглы 9 жыл бас бостандығынан айырылды, 5 топ қатысушысы 6 жыл бас бостандығынан айыру, ал жазаның әртүрлі мерзімдері бойынша 17 «көмекшіге» бас бостандығынан айыру және шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Сондай-ақ, 7 қызметкер 2 жыл 6 айдан бастап бас бостандығын шектеуден 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Олар арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойы айырылды.
Сот процесі Астана қаласы Полиция департаментінің жеке құрамының, сондай-ақ Астана қаласы Арнайы ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар, тергеу барысында арнайы ХҚКО маманы көлік құралдары иелерінің қолтаңбаларын қолдан жасау фактілері автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша нысандарында анықталды.
ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға ұсынымның нәтижесінде автомобильдерді тіркеу қағидаларына автокөлік иесінің ЭЦҚ-кілтін міндетті түрде пайдалана отырып, мәмілелердің электрондық нысанынан жазбаша нысанды алып тастау туралы өзгерістер енгізілді.
Мұндай өзгеріс автокөліктерді сатып алу-сату шартын жасасу кезінде авто иелерінің қолдарын қолдан жасау бөлігінде жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.
Сонымен қатар, Арнайы ХҚКО мен ІІМ-де автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды. Өтінімдерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзету үшін мүмкіндіктер алынып тасталды. Енді тек әкімшілік полиция комитеті өзгерістер енгізе алады.
Өтінімдерді тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл үшін тек ЖСН енгізу қажет, ал қалған деректер басқа ақпараттық жүйелерден автоматты түрде толтырылады. Бұл ретте жүйенің өзі екінші деңгейдегі банктердің түбіртектерін, міндетті төлемдерін және айыппұлдарын төлеуді тексереді.
2022 жылы 9,4 мың автокөлікті тіркегені үшін 10,6 млрд теңге жиналды, 2023 жылы заңдастыруды ескере отырып, 10,2 мың автокөлікті тіркеген кезде 91,3 млрд теңге түсті. Аталған тәуекелдерді жою нәтижесінде өткен жылы бюджетке түскен түсім 9 есеге ұлғайды.
Жалпы, жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу осы саладағы барлық қызметке оң әсерін тигізді.
"462 автокөлікті заңсыз тіркеген". ХҚКО-ларда ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды
Көбірек оқу
20:06, 29 сәуір 2024 0
“Мен көп адамға ренжідім”. Министр Саясат Нұрбектің қазақстандықтарға өкпесі қара қазандай
16:11, 23 қараша 2024 120
«Жақсы сөз жанымызды байытады тек...». «Алғыс» әнін орындаған Қарақаттың шәкірттері ел алғысына бөленді
14:10, 23 қараша 2024 126
"Ауылдан адам көшкенмен...". Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауылдардың жойылатыны хабарланды
12:37, 23 қараша 2024 303
"Cпорт саласы жылдан жылға нашарлап барады". "Ақжайық" футболшылары таксимен жан бағып жүр
10:01, 23 қараша 2024 133
Ақтөбеде полицейді Lexus көлігінің капотында сүйреген экс-депутаттың келіні сотталды.
19:32, 22 қараша 2024 218
Енелер келінін сурет арқылы дуалайды: алматылық емші қара магия мен жындар туралы айтты
18:23, 22 қараша 2024 328
Ауыл имамы жындар туралы әңгіме айтып, әйелін жылдар бойы қорқытып ұстаған
15:36, 22 қараша 2024 460
"Қол қоя алмаймын": Димаш Құдайберген Прагада автограф беруден неге бас тартты?
14:18, 22 қараша 2024 3414
"Біз мигранттарға мұқтажбыз". Кремль Ресейдің мигранттарсыз көрген күні қараң екенін мәлімдеді
13:56, 22 қараша 2024 288