Алматы мәдениеттің ғана емес, соңғы жылдары қаржы орталығына да айналып келеді. Мәселен Алматы қаласы тұрғындарына 2023 жылға 517,5 млн теңге сомасына 375 грант беру жоспары бекітілген.
Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар әлеуметтік осал топтардың азаматтары үшін бөлінетін болады. Бүгінгі таңда комиссия 1059 өтінімді қарады, оның 94-і мақұлданды, 965 өтініш қабылданбады.
"400 еселенген айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 380 000 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік грант - жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал", - дейді Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев. Олардың айтуынша гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеуге ұсынылады. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Спикердің айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, жұмыспен қамту орталығы ұзақтығы 3 айға дейінгі кәсіптік оқу оқытады.
"Ағымдағы жылда Алматы қаласы бойынша 1000 адамды кәсіптік оқытуға жіберу жоспарлануда, оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру ұйымдарына 687 адамды және жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға 313 адамды жіберу жоспарлануда", - деді С.Кенжебаев. Осы уақытқа дейін курстарды оқу үшін 343 адам жұмыспен қамту орталығына жүгінген. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша, оқу ұйымдарында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілердің тізбесі, 42 жұмыс беруші 687 орынға 18 мамандық бойынша ;
- жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерге арналған жұмыс берушілер тізбесі 13 жұмыс берушіден 11 мамандық бойынша 313 орын; Жоғарыда көрсетілген Кәсіптік оқыту түрлері бойынша 2023 жылға бір адамға оқыту құны 50 мың теңгені құрайды. Оқуға жіберілген қатысушылармен келісімшарт жасалып, оқу кезеңіне 21 787 теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия бөлінеді.
"Өз кезегінде жұмыс берушінің жұмыс орнына тікелей жіберілген қатысушылармен еңбек шарты жасалады және халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын 20 АЕК, яғни 69 000 теңге мөлшерінде жалақы төлейді. Жасалған әлеуметтік келісімшарт және еңбек шарты шеңберінде оқуды сәтті аяқтағаннан кейін, жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға көмектеседі", - деп толықтырды спикер.