Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

59 меморган қызметкерінің ескі көліктерді заңсыз тіркеуге қатыстылығы тексерілуде

12:20, 13 наурыз 2024 349

Қаржы мониторингі агенттігі Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік органдардың 59 қызметкерінің ескі жүк көліктері мен автобустарды бастапқы тіркеудің заңсыз схемаларына қатыстыру фактісін тексеріп жатқанын хабарлады.

Олар тіркеу кезінде тіркеу жарнасын төмендету үшін ақпараттық жүйеге көлік құралының шығарылған жылы туралы жалған мәліметтер енгізілген.

Көліктердің көпшілігі әлі де дизельмен жұмыс істейді және соның салдарынан ауаның ластану деңгейі артып келеді. Егер автокөліктің шығарылу мерзімі бес жылдан асса, онда 2500 АЕК төлеу керек, ал егер екі жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады,деді агенттік өкілі.

Ведомство азаматтардың шығарылған жылын ауыстырып, жалған құжат арқылы елге ескі әрі қауіпті жүк көліктері мен автобустарды әкелмек болғанын атап өтті.

Тек 2022-2023 жылдары анықталған фактілер бойынша 23 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, бюджетке алдын ала келтірілген залал 14,3 млрд теңгеге жетті. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы тексерілуде, - деп хабарлады ведомстводан.

Көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеудің негізгі схемалары анықталды. Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚКО-ға бастапқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған.

Халықаралық автомобиль тасымалдаушысының куәлігі берілген фактілер орын алған, ол болған жағдайда бастапқы есепке қою алымды төлемей жүргізіледі. Кейбір жағдайларда тіркеу контрабандалық жолмен әкелінген көлік құралдарына құжаттардың барлық пакетін қолдан жасаумен жүзеге асырылды. ҚМА жүргізген талдау көлік құралдарын алғашқы тіркеуді Арнайы ХҚКО қызметкерлері интеграцияланған ақпараттық жүйеге авто санаты туралы дәйексіз деректерді «қолдан» енгізу арқылы жасалғанын көрсетті.

Автокөлік құралдарын бүкіл ел аумағында одан әрі заңсыз алаяқтық схемалар арқылы тіркеуді болдырмау мақсатында Агенттік ақпараттық жүйелерді айналып өтіп, деректерді «қолдан» енгізу мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдады,дейді агенттік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар