Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Биыл 135 мың қазақстандық шетелге жұмысқа кеткен, 57 этникалық қазақ елге келген

15:38, 20 қыркүйек 2024 378
 

Қазіргі таңда 135 мың қазақстандық шетелде жұмыс істеп жүр. Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Ресей, Корея, Түркия және БАӘ-де еңбек етеді. Биыл 135 мың қазақстандық шетелде жұмыс істеп жүр. Жалақысы жоғары жұмыс орнына кіру және сол елде бейімдеу үшін оларды кәсіби тұрғыда дайындау өте маңызды, - деді Ерболат Абулхатин.

Осыған байланысты елімізде дайындық орталығы құрылып жатыр.

Бүгінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен тиісті жұмыстар қолға алынды. Олар біріккен ассоциация құруда. Алдағы уақытта олар migration.enbek.kz порталына тіркеледі, - деді орынбасары.

Сондай-ақ Ерболат Абулхатин әлемде инвестиция тартуға бәсекелестік күшейгенін атап өтті.

Сондықтан елімізде этникалық қазақтарға «Ата жолы» картасын беру қолға алынды. Бүгінде картаны алуға Ресей, Германия, Қытай және АҚШ, Еуропалық одақ елдерінің азаматтары, яғни этникалық қазақтар да қызығушылық танытып отыр. Биыл «Ата жолы» картасын 57 этникалық қазақ алды. Оның ішінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша 31 адам, кәсібі бар 26 адам алды. Картаны алғандар көбінесе Астана және Алматы қалаларында тұрады, - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар