Шығыс Қазақстан мәслихат сессиясында жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс талқыланды.
Жаңа бөлініске сәйкес Шығыс Қазақстан облысы жалпы ауданы 97,8 мың шаршы шақырым аумақтың шекарасында айқындалады. Оған Өскемен мен Риддер қалаларының шекаралары, сондай-ақ6 Глубоковский, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самара, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандары және Алтай өңірі кіреді. Өскемен облыстың әкімшілік орталығы болып қала береді.
Орталығы Семейде болатын Абай облысы 185,5 мың шаршы шақырым аумақта орналасады. Оның құрамына Семей мен Курчатов қалаларының шекаралары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары кіреді.
Еске салсақ, Қазақстанда үш жаңа облыс – Абай, Ұлытау және Жетісу пайда болады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Дереккөз