Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаевтың олигархтар туралы мақаласы шықты

09:24, 06 сәуір 2022 284
 



Қазақстандағы олигархтардың байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады, деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың The National Interest журналында жарық көрген «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласында жазды.
«Инклюзивті даму тұрақты емес. Сондай-ақ, олигархтардың жинаған мол байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады. Біздің Үкімет реформаларды дайындағанда азаматтық қоғам мен қоғам пікірін мұқият тыңдады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, жүйе бұрынғыдай аз ғана адамның мүддесіне емес, барша адамға жұмыс істеуі тиіс» деді президент.

Сонымен қатар Тоқаев мақалада «Үкімет теңсіздік мәселесін тез арада шешу керектігін біледі» дей келіп, Үкіметке жалақыны көтеру, кедейшілікті азайту туралы тапсырма бергенін атап өтті.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар