Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ БАҒЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

05:46, 15 желтоқсан 2023 259
Енді халыққа Шар және Аягөз қалаларына жету оңай, әрі тиімді болмақ. Себебі бүгіннен бастап «Шар-Семей» және «Ақтоғай-Аягөзге» қарай тікелей қатынайтын теміржол бағыты іске қосылды. 

Екі бағытқа ашылған жолаушылар пойызының бағасы қол жетімді, уақыты ыңғайлы. Өйткені пойыз Шар қаласынан таңғы 6:25-те шығып, Семей қаласына 9:14-те келеді. Ал, Семейден қайтар жолға пойыз 17:40 - та шығып, Шарға 20:14-те жетеді. Яғни, жаңа бағыттар арқылы жүретін пойыздың уақыты үш сағаттан аз.



- Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» Жолаушылар тасымалы» АҚ Абай облыс әкімдігінің тапсырысы бойынша «Шар-Семей» және «Ақтоғай-Аягөз» жаңа теміржол бағыттарына екі пойызды іске қосуды ұйымдастырды. Пойыз бағыттары әлеуметтік маңызы бар болғандықтан, тасымалдаушылар оңтайлы тариф белгіледі. Азаматтар Ақтоғайдан Аягөзге дейін жол жүру үшін 650 теңге, Семейден Шарға дейін– 557 теңге төлейді , - деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңындағы тасымал» филиалы директоры Сергей Балашов.

Шар және Семей қалаларына қатынайтын пойыз бүгін алғашқы сапарын жасады. Алдағы уақытта келушілер санына қарай қосымша вагондар және басқа да теміржол бағыттарын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілмек.

- 2024 жылға Абай облысының әкімдігі тағы екі бағытты : «Семей-Дегелен» және «Семей-Аулды» іске қосуды жоспарлап отыр. Жалпы ашылған бағыттарға билеттерді жолсеріктің мобильді терминалы, интернет-сатылымдар арқылы және кассалардан сатып алуға болады, - деп қорытындылады Сергей Балашов.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар