Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай облысының Аягөз өзенінде су деңгейі көтерілді

09:31, 29 наурыз 2024 424

Абай облысы Аягөз ауданындағы өзеннің су деңгейі көтеріліп, 172 адам эвакуацияланды.

Сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды.

«Тұрғындарды уақытша орынға жеткізу үшін 3 автобус бөлінді. Алайда азаматтардың көпшілігі туған-туыстарының үйлеріне кетті. Қалғандары мектеп-интернат жатақханасына және жасөсіпірімдер спорт мектебіне орналастырылды», - деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар Аягөз өзеніне жақын Ешмағанбетов, Шыңғожа батыр көшелерінің тұрғындарына сақтық шараларын сақтау ескертілді. Барлығы 324 тұрғын қамтылды.

«Мамырсу ауылдық округінде де су деңгейі көтеріліп, сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен жағасына жақын орналасқан 10 үйге, (оның ішінде 30 ересек, 40 бала) ескерту жасалды. Эвакуация пункті дайын. Төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, кезекшілік ұйымдастырылған», - делінген хабарламада.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар