Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әбіқаев аттан түсті. Назарбаевтың сенімді серіктесі волейбол федерациясындағы қызметінен кетті

12:26, 28 қазан 2024 1127

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың серіктерінің бірі Нұртай Әбіқаев басшылық қызметінен кетті, деп хабарлайды Alash.KZ.

Ол бұған дейін волейбол федерациясының президенті болды.

27 қазанда Алматыда волейбол федерациясының есеп беру, сайлау конференциясы өтті. Дауыс беру нәтижесінде 2024-2028 жылдар аралығында федерацияның жаңа президенті болып Мәди Такиев сайланды.

Павел Михеев, volley.kz

Федерацияны құрылған кезінен бастап басқарған, кейбір уақытта ғана қысқа үзіліс алған Нұртай Әбіқаев кейінгі 26 жыл бойы волейбол федерациясының басшысы болып келді.

Ал бұл лауазымға жаңадан ұсынылған үш кандидаттың арасында қаржы министрі Мәди Такиев болды, деп жазды Massaget.kz.

Өз сөзінде федерацияның жаңа басшысы Мәди Такиев көрсеткен сенімі үшін барлығына алғыс білдіріп, Нұртай Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті болуды және қамқоршылық кеңесін басқаруды ұсынды.

Айта кетейік, Әбіқаев 1996 жылдан бастап Назарбаевтың бірінші көмекшісі, 1998 жылдан бастап ҚР ҰҚК төрағасы, 2000 жылдан бастап ҚР Сыртқы істерінің бірінші вице-министрі; ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, 2004 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатының 2-ші шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, 2005 жылғы қарашадан бастап ҚР Парламенті Сенатының 3-ші шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, 2007 жылғы ақпаннан бастап ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2008 жылғы қазаннан бастап ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 2010 жылғы тамыздан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?