Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайтадан анықтаймыз". "Қазақ аруы - 2024" байқауына қатысты шудан кейін Баян Алагөзова шұғыл мәлімдеме жасады

16:25, 15 қараша 2024 1227

Продюсер Баян Алагөзова нәтижесіне қатысты шу шыққан  "Қазақ аруы-2024" байқауына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы . 

Енді байқаудың жеңімпазы қайтара анықталмақ. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасындағы сторисінде айтты. 

Продюсер желіде жариялаған бейнеде байқаудағы дауыс беру жүйесі істен шыққанын мойындап, әріптестерінің тарапынан кеткен қателік болғанын айтты.  Нәтижесінде, провайдерлердің жарты миллионға жуық дауыс берушілердің қарқынына төтеп бере алмағанын, Telegram ботының дауыс санауда шектелгенін айтты.

Сол себепті де "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы қайта анықталатынын мәлімдеді. 

"Қазақ аруы байқауына қатысты үлкен мәлімдеме жасағым келіп тұр. Біздің провайдерлер істен шықты. Бұл біздің кінәміз емес. Телеграм арна барлық дауыс берушілердің қарқынын көтере алмады. Жарты миллионға жуық адам дауыс бергісі келген. Бұл байқаудың ауқымды екенін білдіреді. Ұйымдастырушы ретінде провайдерлердің кінәсін мойнымызға алып, ертеңгі телеарнаға шығатын эфирде дауыс беруді қайта жасағымыз келіп отыр", - деді ол. 

Продюсердің сөзінше, эфир қалай жазылды, сол күйінде беріледі. Тек дауыс беру үшін 2,5 сағат беріліп, сілтеме жаңартылады. Телекөрермендер тікелей эфир барысында қайтадан дауыс бере алады. 

"Тарихта бірінші рет қайтадан дауыс беру болайын деп тұр. Біз қашан да әділдік үшін шырылдаймыз. Бұл атаққа қайтадан Ақкербез лайықты болуы мүмкін немесе Ақкербез болмауы да мүмкін. Бәрі халықтың еншісінде", - деп қосты жоба продюсері. 

Еске салайық, "Қазақ аруы-2024" байқауында қызылордалық ару Ақкербез Ысқаққызы жеңімпаз атанған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?