Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Адал сүт емген қыз: Димаш Құдайбергеннің анасы жақсы жаңалығымен бөлісті

14:23, 19 қыркүйек 2024 3628

Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева қандай келін керек екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

«Адал сүт емген бала болса болды» деп айтады. Дәл сондай бала болса деп тілейміз, армандаймыз. Болған сәтте қуанамыз. Күтіп жүрміз. Өзінің бір сәті түседі деп ойлаймыз. Жақсы жаңалық болса, бөлісеміз, - деді Светлана Айтбаева.

Димаштың әкесі де қазақилық салтты сақтағанның ғанибетімен бөлісті.

Света – өмір бойы ата-енемен тұрған келін. Ата-анамның көңілінен шығып, үлгілі келін атанды. Анамның қаншама жақсы қасиеттерін бойына сіңірді. Әулетімізге сыйлы келіні болды. Сондай адамның жаман ене болуы мүмкін емес. Өз басым, осы кісіге сенемін. Салт-дәстүрді де мықтап ұстанатын отбасылардың біріміз. Димаш үйде болса, әлі күнге дейін келген қонақтардың қолына су құяды. Ақтөбеге өңірінде қолға су құю дәстүрі бар. Астанаға көшіп келгенде де сол салтты өзімізбен бірге ала келдік. Келіндеріміз сәлем салып, орамал тағады. Оның ар жағында жақсы тілек, ниет жатыр. Сондықтан салт-дәстүрден алыстамауымыз керек, – деді Қанат Айтбаев.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар