Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Адам төзгісіз жағдай: Арман Дүйсеновтың ұлының сүйіктісі елді жылатты

19:23, 18 қазан 2024 1006

Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың сүйіктісі көпшілікті жылатты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

“Сізден айырылу – адам төзгісіз жағдай. Сіз жай ғана жақын адам емессіз, менің жанымның бір бөлшегісіз. Жүрегімнің қалай ауырып жатқанын айта алмайтын, әлі күнге дейін қасымда жоқ екеніңе сене алмаймын. Мені жұбататын тек қана жылы естеліктер мен әдемі фотолар ғана. Мен бір мезгілде жылылық және ауырлықты сезінемін”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Сүйіктісі марқұм жігітіне уәде берді.

 

“Сіздің күлкіңіз құлағымда қалды. Шынайы қолдау сөздеріңіз мәңгі жадымда. Бұл естеліктер – ең зұлмат күндерімді нұрландыратын асыл қазыналарым. Сіз маған көп нұр сыйладыңыз. Өмірімді мән мен бақытқа толтырдыңыз. Мен сізді өмірімді нұрландырған адам ретінде мәңгі есте сақтаймын. Сен менің жүрегімде өшпес із қалдырдың. Сол махаббат мәңгі өмір сүреді. Сіз менің өміріме әкелген барлық жақсылықты сақтауға уәде беремін. Жатқан жерің жайлы болсын, жаным!”, – деп жазды бойжеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар