Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Ақтөбе өкілдігінің белсенділері су тасқынынан зардап шеккен халыққа қол ұшын созды

10:29, 11 сәуір 2024 347

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға «Әділдік және Өркендеу» Республикалық қоғамдық қорының Ақтөбе өңірлік өкілдігінің белсенділері қол ұшын созды.

Ақтөбе облысында Мағаджан бөгетінің бұзылуы салдарынан Алға ауданындағы ауыл тұрғындарының үйлері су астында қалып, қирады. Су ағыны Алғалиевтер отбасының тұрғын үйі мен шаруашылық құрылыстарын зақымдады.

Су тасқынынан зардап шеккен «Сәрсенғали» шаруа қожалығы басшысының айтуынша, үлкен судың кенеттен келуі ауыл тұрғындарына ауыр соқты.

«Мен апат басталған күнді ешқашан ұмытпаспын. Су әр минут сайын келіп тұрды, біз қайда барып, бірінші кезекте нені құтқаратынымызды білмедік», - деп бөлісті Сәрсенғали Алғалиев.

Қазір су кетті, Алғалиевтер отбасының үйі мен ғимараттары қалды. Бірақ мұнда тұру мүмкін емес. Үйдің қабырғалары жарылып, дымқыл болды. Жиһаз әбден бүлінген, еден көтеріліп, бөлмелерде ылғалдың иісі қалып қалды.

«Әділдік және Өркендеу» Қорының қоғам қайраткерлері құрылыс материалдарын сатып алуға қаражат бөліп, шаруларды қолдау туралы шешім қабылдады.

«Су тасқыны апаты бізге ауыр тиді. Өзімізді бүкіл әлемде жалғыз қалғандай сезіндік. Сондықтан жағдаймызға бей-жай қарай алмайтын адамдардың көмегі біз үшін баға жетпес қолдау. Мен «Әділдік және Өркендеу» Қорының белсенділеріне жәрдем бергені үшін шын жүректен алғыс айтамын!»- деді Сәрсенғали Алғалиев.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар