Ал оның бұл сауалына сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров:
"Әрине, кейбір кезде бір мекенжайдан басқа мекенжайға көшіп кетіп, ақпарат болмай қалуы мүмкін. Сонымен қатар, “қазақ балаларын біраз экзотикалық елдерге алып кетті” деген де ақпаратты оқыдым. Ол рас емес. Өйткені бізде кезінде тоқсаныншы жылдары “балаларды тек Батыс елдерінің өкілдеріне беретін” талап болған. Батыс елдерінің азаматтары сол елдерде дипломат болып жұмыс істеуі мүмкін. Солар асырап алған. Ондай елдерге (Африка елдеріне) біз балаларды бермейміз. Қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі 1993 бала консулдық есепте тұр – дейді.
“Сенатор Дархан Қыдырәлі жүзден аса бала Африка елдеріне асырап кетті деген.
Смадияров: “Ол ақпаратты қайдан алғанын білмеймін. Біздегі ақпаратқа сәйкес, біз Африка елдеріне балаларды берген жоқпыз. Ол балалармен байланыс үзілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды” деп жауап берді.