Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ажыраспағанда “Бишімбаев ісі” боп кетер ме едік? - Ислам Алтайбаев

11:36, 07 маусым 2024 842

Әнші Ислам Алтайбаев Анна Данченкоға берген сұхбатында әйелімен не үшін ажырасқаны туралы баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол қазіргі таңда кішкене қалт басқан ер адамдардың барлығы "Бишімбаев" боп кеткенін алға тартты.

«Біздің ұрыс-керісте айтуын айтып шығып кеткен кезім де, жылаған сәт те, түрлі жағдай болды. Менің қол көтергенім — солардың шарықтау шегі болды. Кейбір қыз-келіншектер ер адамның көзі көрмей қалатындай дәрежеге жеткізеді. Мен соны Шынардан көрдім. Мүмкін, менің де кінәм бар шығар. Сол уақытта солай екіге кеткеніміз де дұрыс болған шығар. Болмаса, бұдан да үлкен дүниеге ұшырап қалатын едік. Құдай сақтасын, Бишімбаевтың жолын жалғастырар ма едік?! Шалыс басқан жігіттердің барлығы Бишімбаев болып кетіп жатыр ғой. Бірақ, ол қоғамда бар нәрсе, өзімнің де басымнан өтті. Негізі әйел адамға қол көтерген дұрыс емес. Менің де анам, қарындасым бар, ол нәрсені жақсы түсінемін. Дегенмен де, сол нәрсеге жеткізіп тұратын қыз-келіншектер бар», — дейді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар