Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа вирус тарай ма: Әлемде алғаш рет ер адам құс тұмауынан қаза тапты

10:45, 06 маусым 2024 613

Мексикада A(H5N2) құс тұмауын жұқтырған адам әлемде бірінші рет тіркелді, деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз қызметі.

Науқас 59 жастағы ер адам. 17 сәуірде дене қызуының көтерілуі, ентігу, диарея, жүрек айнуы және жалпы әлсіздік пайда болған. Бір аптадан кейін ол ауруханаға түсіп, 24 сәуірде қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ер адам құспен немесе басқа жануарлармен байланыста болмаған.

Алайда 2024 жылдың наурыз айында науқас тұратын Мексика штатымен шекаралас Мичоакан штатындағы құс фабрикасында құс тұмауының A(H5N2) ошағы анықталды.

Құс тұмауы жоғарғы тыныс жолдарына әсер етіп, өлімге әкелуі мүмкін, сонымен қатар конъюнктивит, асқазан-ішек аурулары, энцефалит және энцефалопатия тудыруы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар