Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айтбай Жұмағұлов: 46 шахтер қаза болғанда, Астанадан бір депутат келмеді

08:33, 02 ақпан 2024 387
Белгілі айтыскер ақын, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Айтбай Жұмағұлов Костенко шахтасында кеншілер қаза тапқанда, бірде-бір депутат келмегенін айтты.

Айтыскердің айтуынша, халық қалаулылары түкпір-түкпірдегі ауылдарға бармайтын көрінеді.
"Неге депутаттар түкпір-түкпірдегі ауылдарға бармайды? Мен барғанда, адамдармен бірге жыладым. Адамдармен жеке қалғанда, мәселе айтса, жүрегің езіліп жылап, халықтың жайын сезінесің. Қайда баратыныңның бәрі жоспарланып, тамағыңды дайындап, саған қоятын сұрақты біліп тұрып бара салғысы келеді бәрі.

Кеше мен “Алтын домбыраға” бардым. “Аманат” партиясы ұйымдастырғандықтан көп депутаттар келді. Мен айттым 46 адам Костенко шахтасында мерт болғанда, неге келмедіңдер дедім. “Бізде жібермейді, екі депутат барды, бәрі протоколмен ғой” деді.

Айтыскер болсын, заңгер болсын барлық депутатқа қатысты бұл. Депутаттың біреуі келмеді. Сол шахтерлар, халық сайлады ғой оларды. Келсе, өз халқы ғой. 1 емес, 46 адам қайтыс болды. Астананың іргесіндегі Қарағандыға келе алмады ғой. 1 апта 10 күн жерледік”-деді депутат Life 09 you tube жобасына берген сұхбатында.

Фото: bugin.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар