Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Соғыс демеушілері»: Қытай Украинаға ескерту жасады

09:25, 02 ақпан 2024 289
Киев қытайлық компанияларды «соғыс демеушілері» деп таныған. Осыған байланысты Қытай Украинаға екіжақты қарым-қатынас нашарлауы мүмкін екенін ескертті.

Reuters агенттігінің жазуынша, бұл ескертуді Қытайдың Киевтегі елшісі Фань Сяньжун Украина Үкіметінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесу барысындай айтқан.

Қазір Украинаның «терроризмнің халықаралық демеушілері» деген тізімінде әртүрлі елдерден 48 компания бар, олардың 14-і – қытайлықтар. Өткен жылдың қазан айында Киев бірқатар қытайлық фирманы тізімге енгізді. Оның ішінде CNPC, Sinopec Group, CNOOC мұнай-газ компаниялары бар.

Басылымның хабарлауынша, Қытай Сыртқы істер министрлігі бұл тізімге қытайлық компанияларды енгізуге қарсы және Украинадан «қателерді дереу түзетіп, жағымсыз салдарды жоюды» талап етеді.

Бұл ретте Қытай тарапы Украинаға ешқандай шарт қоймағанын, тек тізімге қатысты өз пікірін білдіргенін мәлімдеп отыр.

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар